Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының         2) тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 7 маусымға тағайындалсын.
  2. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірден басталып, 2026 жылғы 12 мамырда сағат он сегізде аяқталсын.
  3. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 17 мамыр сағат он сегізде аяқталсын.
  4. Осы қаулы аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Ырғыз аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                             Б. Итібаев

 

 

Ырғыз аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                              Д.Қызбергенов

 

 

 

Ырғыз ауылы

2026 жылғы 29 сәуір

№ 13

Дата публикации
29 апреля 2026