Әлеуметтік –экономикалық дамудың қорытындысы туралы

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп.
Аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 604,3 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,4 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 10536,5 млн. теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға өсім қамтамасыз етілді.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2989,0 млн. теңге, 2019 жылдың сәйкес кезеңіне- 123,3 пайызы. Оның ішінде республикалық бюджеттен 888,2 млн.теңге (2019 жылы -309,5 млн.теңге), жергілікті бюджеттен -240,4 млн.теңге (өткен жылы-454,2 млн.теңге), жеке көздерден 1844,3 млн.теңге (өткен жылы 1622,7 млн.теңге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1060,3 млн.теңге, немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне- 123,7 пайызы.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында барлығы 7855 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,2 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 787 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,2 пайыз. Белсенді субъектілер саны-782 бірлік, өткен жылға 107,4 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 1081,4 млн. теңгеге, немесе нақты көлемінің индексі 104,9 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 420 жаңа жұмыс орны қосылды (өткен жылдың осы кезеңінде -300), 1649 адам еңбекке орналасты (175,1 пайыз), ақылы қоғамдық жұмысқа – 618 (154,1 пайыз), әлеуметтік жұмыс орындарына - 71, жастар тәжірибесінен өтуге 109 жұмыссыз адам жіберілді.
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 411,7 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 556,3 млн. теңге, немесе 135,1 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 26,6 пайызға немесе 117,0 млн.теңгеге артты. Бюджет шығысы 99,3 пайызға атқарылды.

ӘЭД анықтамасы
Дата публикации
07 декабря 2020