
Ырғыз ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы қарқынды даму сатысында. 2020 жылы 11700 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы тіркеліп пайдалануға қабылданды. 2019 жылмен салыстырғанда жеке тұрғынт үй құрылыс көлемі 110 пайызға артық орындалды. Аталған жағдайларды ескере отырып құрылыс саласы бойынша инженерлік коммуналдық инфроқұрылымдардың құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда Ырғыз ауылының оңтүстік батыс аумағында 5 км газ құбыры, 8 км электр желісі, 6 км су құбыры жаңа салынған жеке тұрғын үйлер құрылысына арнап тартылды. 2020 жылы Ырғыз аулылында «Арыстар саябағы» құрылысы пайдалануға берілді.