
Қазіргі таңда, аудан бойынша тәулігіне 300 адам қабылдайтын емхана, 49 төсек орынды аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 12 медициналық пункттер, сонымен қатар 35 төсек орынды күндізгі стационар тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.
Аталған медициналық мекемелерде 39 дәрігер, 133 мейірбике жұмыс жасайды. Сонымен бірге, 9 жалпы тәжірибелік дәрігерлік және 2 педиатриялық аймақ жұмыс жасайды.
2008 жылдан күрделі ауруларға облыс орталығындағы дәрігер мамандардан кеңес алу үшін пайдаланылатын телемедицина орталығы жұмыс істейді.
Аурухана заман талабына сай жұмыс жасауы үшін – ИВЛ-тыныстану аппараты, 2-рентген аппараты, дезкамера, дифибрилятор, керует жанындағы монитор, УЗИ аппаратымен жабдықталған.
2006-2007 жылдары Қарақұдық, Жаңақұрлыс, Аманкөл медициналық пункттері жаңа ғимараттарға көшіріліп, керекті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
2009 жылы Жайсаңбай, 2012 жылы Ұзынкөл (Ақши ауылы), 2014 жылы Шеңбертал медициналық пункттері және 2016 жылы Тельман (Аманкөл ауылы), Тепсен (Жаныс би ауылы) медициналық пункттері салынып пайдалануға берілді.
Аумақтық дәрігерлік амбулаториялардың (Аманкөл, Қызылжар, Нұра, Құмтоғай, Тәуіп) барлығы жедел жәрдем автокөліктермен қамтамасыз етілген.
Коронавирустар - бұл негізінен жануарларға әсер ететін вирустардың отбасы, бірақ кейбір жағдайларда адамдарға берілуі мүмкін. Әдетте, коронавирустардан туындаған аурулар ауыр белгілерді тудырмай жеңіл түрде жүреді. Алайда, таяу шығыс респираторлық синдромы (Mers) және ауыр жедел респираторлық синдром (Sars) сияқты ауыр формалар бар.
- жоғары дене температурасы
- бас ауруы
- әлсіздік
- жөтел
- тыныс алудың қиындауы
-бұлшық еттердегі
- жүрек айнуы
- құсу
- диарея.