GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
04 марта 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз: • Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot

12 мая 2025
⚜️blрғыз ауданы тұрғындары назарына! Ағымдағы жылдың 21-30 мамыр аралығында Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантқа <<<Business.enbek.kz»порталы арқылы өтінім қабылдау басталатындығын хабарлаймыз. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады. Грант көлемі 400 айлық есептік көрсеткішті (1572 800 теңге) құрайды. Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады: -тіркелген жұмыссыздар; -жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек: -еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; -аз қамтылған отбасы мүшелері (АӘК алушылар); -көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы); -мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); -асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар; -қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар; -өңіраралық қоныс аударушылар; Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы сертификат болуы тиіс. Қосымша сұрақтар бойынша: Ырғыз ауданының мансап орталығы филиалы, Абай көшесі, 20. 87086309704
02 апреля 2025
Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда — шынайылық өзгереді. Еліміз бойынша жүздеген ауылдар өз еркімен спиртті ішімдіктерді сатудан бас тартуда. Бұл — қарапайым халықтың саналы таңдауы. Тәртіп, денсаулық және балаларының болашағы үшін жасалған шешім. Мәселен, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы бір ауылда тұрғындар ішімдікті сатудан өз еркімен бас тартып, бұл туралы бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялады. Осындай мысалдар Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау және басқа да облыстарда кездеседі. Иә, бұл елдегі барлық ауыл санын ескерсек, теңізге тамған тамшыдай көрінуі мүмкін. Бірақ бастысы — жағдайдың оң серпіні бар. Мұндай елді мекендер саны артып келеді. Адамдар сенім мен тұрақтылықты, тыныштықты жоғары бағалап, бір-біріне үлгі бола бастады. Бастама ауыл ақсақалдары мен Қоғамдық кеңестерден шығып, прокуратура, полиция және жергілікті әкімдіктердің тарапынан үйлестіру, алдын алу және қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Ауыл кәсіпкерлері ерекше алғысқа лайық. Жерлестерінің үнін естіп, олар дүкен сөрелерінен ішімдікті өз еркімен алып тастады. Күмәнданғанмен, табыстары азайған жоқ. Керісінше, ауыл тұрғындары ішімдіктің орнына балаларға пайдалы азық-түліктерді жиі сатып ала бастады. Нәтижелер өздігінен көрініп тұр: • кейбір ауылдарда қылмыс мүлде жойылды, • тұрмыстық жанжалдар тоқтады, • жастар спорт пен саналы өмір салтын таңдай бастады. Бұл — «Заң және Тәртіп» қағидатының өмірдегі нақты көрінісі. Тәртіп қорқынышпен емес — сеніммен, жаза арқылы емес — саналы таңдаумен орнайды. «Заң мен Тәртіп — кемел демократияның іргетасы әрі құқықтық мемлекеттің негізі», – деп Мемлекет басшысы атап өткен еді. Біз болашаққа деген қамқорлық, қоғамдық келісім және заңға құрметке негізделген әрбір бастаманы қолдаймыз. Айта кету керек, ресми статистика бойынша ағымдағы жылдың алғашқы үш айында алкогольдік мас күйінде жасалған қылмыстар саны азайған.
12 марта 2025
Ырғыз ауылішілік көшелерінде қардан тазалау және шығару жұмыстары жүргізілуде
28 мая 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі. Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады. Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген. Қызмет алу барысында, олҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген. Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушыныңжеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеугетура келді. Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізіндеқызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктерібар түлғаларға қатыстытолық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды. Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушығамемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылғанқұқықтарынтолықтай қалпына келтірді. Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз. Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.
21 мая 2024
Ырғыз ауылының асфалть жабындысы төселген көшелеріне жолақтар салу жұмыстары жүргізілуде
16 мая 2024
Ырғыз ауылдық округі әкімі аппаратының маманы мен Ырғыз аудандық ветеринариялық станциясының қызметкерлері бірлесіп, Самара-Шымкент тас жолына жақын орналасқан “Мантай”,”Темірлан”,”Ұлпан”,”Назар”,”Нұр-Али”,”Шахназ” шаруа қожалықтарына иелігіндегі ауылшаруашылық жануарларын сырғалау және таңбалау жұмыстарын жүргізу, малдарын қараусыз қалдырмау, малдардың мойнына жарыққа шағылысатын лента сатып алу, тағу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
16 мая 2024
Ырғыз ауылдық округінің жетекші маманы С.Нахимова, Ырғыз аудандық мансап орталығының маманы Н.Жумин бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және қысқа мерзімді оқыту жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
19 апреля 2024
Ауылымызда орын алған су тасқыны салдарынан ауыл халқының төрт түлігінің жайылымға шығатын жерлері азайып сонымен қатар жайылымға шығатын көпірлерді су шайып кеткен болатын. Осы орайда халықтың төрт түлігінің жайылымын реттеу мақсатында Ырғыз ауылдық округінің әкімі 2024 жылдың 16 сәуірі күні ауыл тұрғындарымен жиын өткізді. Жиын барысында бірқатар тұрғындарының ұсыныстары тыңдалды. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары назардан тыс қалмайды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен олардың мал-мүліктерін аман сақтау бәрінен де маңызды.

Ауылымызда орын алған су тасқыны салдарынан ауыл халқының төрт түлігінің жайылымға шығатын жерлері азайып сонымен қатар жайылымға шығатын көпірлерді су шайып кеткен болатын. Осы орайда халықтың төрт түлігінің жайылымын реттеу мақсатында Ырғыз ауылдық округінің әкімі 2024 жылдың 16 сәуірі күні ауыл тұрғындарымен жиын өткізді. Жиын барысында бірқатар тұрғындарының ұсыныстары тыңдалды. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары назардан тыс қалмайды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен олардың мал-мүліктерін аман сақтау бәрінен де маңызды.

10 апреля 2024
Ырғыз ауылында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы