GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
04 марта 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз: • Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot

29 мая 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.

Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.

Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.

Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.

          Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.    

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

 

 

Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.

10 мая 2024
"Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында" атты Ұлы Отан соғысының ардагері Бөлекбаев Сағынайдың туғанына 100 жыл толуына орай ұрпақтарымен кездесу сағаты өткізілді.
Құтикөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен, Т. Шонанұлы атындағы ЖББОМ мен бірлескен түрде "Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында" атты Ұлы Отан соғысының ардагері Бөлекбаев Сағынайдың туғанына 100 жыл толуына орай ұрпақтарымен кездесу сағаты өткізілді.
 
Ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада Бөлекбаевтар отбасымен сұхбат жүргізіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. 
 
Мерекелік іс-шара барасында Аманкөл ауылдық округінің әкімі Спанов Абылай Қайырбекұлы 9 мамыр-Жеңіс күнімен құттықтау тілек білдіріп, Бөлекбаевтар әулетін арнайы алғыс хат және  естелік сыйлық табысталды.
24 апреля 2024
✅Аманкөл ауылдық округінің ерікті тұрғындары Белшер ауылына су тасқынына қарсы жұмыстарына қол көмектерін көрсетті.
✅Аманкөл ауылдық округінің ерікті тұрғындары Белшер ауылына су тасқынына қарсы жұмыстарына қол көмектерін көрсетті. 
 
✅Сәуір айының 19-22 күндері аралынғында Аманкөл ауылдық округі Құтикөл, Аманкөл ауылдарының арнайы еріктілер тобын жасақтап, Белшер ауылына су тасқынына қарсы қол көмектерін көрсетті
 
🤝Ауылымыздың ерікті тұрғындарына шын жүректен алғысымызды айтамыз!
15 апреля 2024
Құтикөл ауылдық модельді кітапханасында "Дін тәрбиенің рухани тірегі" атты тақырыпта рухани кездесу өткізілді.

Бүгін 11 сәуір 2024 жылы Құтикөл ауылдық модельді кітапханасында "Дін тәрбиенің рухани тірегі" атты тақырыпта рухани кездесу өткізілді. Шараға Ырғыз аудандық мешітінің имамы Идрисов Ғалым Русланұлы, Аманкөл ауылдық округінің бас маманы Әмір Асқарұлы , Аманкөл ауылдық амбулаториясының дәрігері Жаңабек Ақарман Аманбайұлы, жас ұстаздар Рита Оразова, Индира Көшербайқызы, мектеп кітапханашысы Кенжегүл Шүңіреева және ауыл жастары, жасөспірімдер қатысты. Мешіт имамы Ғалым Русланұлы ислам діні-адам баласын тура жолға бастайтын дін екенін түсіндіріп, адамды мейірімділікке, бауырмалдылыққа, қайырымдылыққа шақырып, оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді. Ауыл жастары, кітапханамыздың оқырмандары өз пікірлерін айтты. Аманкөл ауылдық округінің бас маманы Асқарұлы Әмір қорытынды сөз сөйлеп оқырмандарды имандылыққа, діни сауаттылыққа шақырды. Шара соңында "Дін тәрбиенің рухани діңгегі" атты кітап көрмесімен таныстырылды. Қамтылған оқырман: 35

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы