АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ
Анықтама
"Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы" ММ
2023-2025 жылға азаматтық бюджет
«Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін облыс әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы No 444 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.
«Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
«Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі – 270 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2023-2025 жылдарға арналған 270 001 бюджеттік бағдарлама бекітілген:
270 001 «Еңбек қатынастары саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» – 2023 жылы – 126743,0 мың теңге, 2024 жылы – 128876,0 мың теңге. 2025 жылға – 129848,0 мың теңге;