Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыс берушінің қызметін декларациялау

Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы жөніндегі аумақтық бөлімше жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.

Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтінім-декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясы бойынша аумақтық бөлімшеге жібереді.

"Еңбек инспекциясы бойынша жергілікті орган декларация қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде қабылданған шешім туралы хабарлама алады.

Жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі аумақтық бөлімше құрған жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұсынымы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган қабылдайды.

Комиссия құрамына міндетті түрде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, жұмыс берушілердің өңірлік бірлестігінің және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің өкілдері кіреді.

      Комиссия отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады.

     

Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды (ақпарат) жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.

Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай деп танылған жұмыс берушілерге олардың қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге Сенім сертификаты тапсырылады.

Сенім сертификаты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды қалыптастырған кезде ескеріледі.

      Сенім сертификатының иегері – жұмыс берушіге қатысты барып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

     Сенім сертификатын беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтары;

      3) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған, еңбек қызметімен байланысты өндірістегі ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар.

Жұмыс беруші Сенім сертификатын алған сәттен бастап үш жылдың ішінде еңбек заңнамасын өрескел бұзған жағдайда, Сенім сетификатының күші жойылады.

Сенім сертификатының күшін жою туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі аумақтық бөлімше комиссияның ұсынымы бойынша қабылдайды және оны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жолдайды.

Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келетіні және Сенім сертификатының күшін жою туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтер ұсынады.

      Жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы ақпарат жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Еңбек инспекциясы жөніндегі аумақтық бөлімше шешімімен келіспеген кезде жұмыс беруші сот тәртібінде шағымдана алады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Жұмыс берушінің қызметін декларациялау
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы