Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

Аумақтық бөлімше:

      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

      3) өндірістік жарақаттану себептеріне талдау жүргізеді және оның профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;

      4-1) жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды жүзеге асырады;

      4-2) жұмыс берушінің осы Кодекстің 122-бабында көзделген міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      4-3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркейді және есепке алуды жүргізеді;

      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;

      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;

      12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;

      14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады;

      15) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер ұсынады.

Документы
Анықтама
25 июля 2022
Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша анықтама
Новости
Полезные материалы
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы жедел ақпарат
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті
Часто задаваемые вопросы
Жалақы төлеу мерзімі?

ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Жұмыс беруші қызметкердің еңбек шартын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті ме

ҚР Еңбек Кодексінің 23 бабы,2 тармағы, 27-тармақшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге;

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы хабарлама қандай мерзімде беріледі?

ҚР ЕК-нің 187-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші бір тәулік ішінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша дереу хабарлайды:

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы