GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
14 октября 2026
Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторының басын қосқан көрме-жәрмеңке ашылды

Елордада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында «Aqtobe Creative Days мәдени-креативті көрме-жәрмеңкесі жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған шарада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторы 30-ға жуық бағыт бойынша авторлық өнімдерін, шығармашылық жобалары мен жергілікті брендтерін таныстырады.

 Іс-шара Креативті индустрияларды дамыту қорының алаңында, Qazaq Creative Hub кеңістігінде өтіп жатыр. Қатысушылар қатарында қолөнер шеберлері, дизайнерлер мен суретшілер, мәдениет мекемелерінің шығармашылық ұжымдары, IT мамандары және Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттары бар.

Көрмеде зергерлік бұйымдар, тері, ағаш, сүйек пен жүннен жасалған туындылар, киіз бұйымдары, сырмақ, басқұр, ұлттық аксессуарлар мен кәдесыйлар ұсынылған. Келушілер шеберлердің жұмыс барысын көріп, практикалық шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Бағдарламада зергер Болат Атыраубаев, киіз басу шебері Рабиға Испулатова, қолөнер шебері Ерқосай Әбілов және суретші Қайрат Ноғаевтың сабақтары қарастырылған. Экспозиция дәстүрлі қолөнер үлгілерімен қатар, заманауи сұранысқа бейімделген авторлық өнімдерді де қамтиды.

Көрме-жәрмеңкенің сән кеңістігінде ақтөбелік жеті дизайнердің топтамалары таныстырылған. Сән көрсетіліміне «SAULEMAI COUTURE», «Trumova Collection», «SYRMAK», «ULPAN SAN UI», «MARKA» сән үйлері мен Azamat SAIN бренді қатысады.

Мәселен, «SYRMAK» дәстүрлі сырылып тігілетін сырт киім үлгілерін заманауи oversize пішінімен үйлестірсе, «Trumova Collection» ұлттық нақышты әйелдер киіміне енгізеді. «ULPAN» мен «SAULEMAI» де дәстүрлі құндылықтарды заманауи сән тілімен жеткізуге басымдық береді.

2015 жылы құрылған Azamat SAIN бренді балалар киімінің топтамасын паш етеді. Бренд сапалы материалдарға, киім бөлшектерінің мұқият орындалуына және заманауи дизайнға мән береді. Оның өнімдері бұған дейін шетелдік сән алаңдарында да таныстырылған.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған экспозиция да көрме-жәрмеңкеден орын тапты. Әлемге танымал әншінің халықаралық сахнадағы жетістіктері, шығармашылық ерекшелігі және туған өңірімен байланысын көрсететін заттары шараның сәнін келтіріп тұр.

Технологиялық бағытта Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттарының IT-жобалары таныстырылуда. Бұл бөлім жас мамандардың техникалық шығармашылығын және цифрлық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге арналған.

Сонымен қатар әдебиет пен заманауи визуалды өнердің байланысы да қамтылған. Көрмеде Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жазушылардың кітаптары жинақталған Book Market жұмыс істейді. Кітапхана саласындағы жаңа жобалар мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалар да бұл креаторлар шарасында паш етілген.

Көрме-жәрмеңке келушілері «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, жас жазушы Әлихан Жақсылықтың Ақтөбе өңіріне арналған анимациялық фильмі, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ерекше балаларға арналған «Жыл мезгілдері» инклюзивті қойылымын тамашалай алады.

Музыкалық бағдарламада «SherTer» креативті жобасының орындаулары, «Жеребе life» өнерлі жастар жобасының концерті және жас композитор әрі креатор Серік Закарияның шығармашылық кеші бар.

Ақтөбе облысында бүгінде 3 мыңнан астам мәдениет қызметкері еңбек етеді. «Aqtobe Creative Days» олардың шығармашылық әлеуетін, өңірлік брендтерді және авторлық өнімдерді республикалық аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді. Қолөнер, сән, әдебиет, театр, музыка және IT бағыттарын біріктірген жоба дәстүрлі мәдени мұра мен заманауи креативті индустриялардың өзара байланысын көрсетеді.

14 октября 2026
ХРОМТАУДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

16 қазан күні Ауыл шаруашылығы күніне орай Хромтау қаласындағы Мәдениет орталығының алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Тұрғындарға ет, сүт өнімдері, көкөністер және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылады.

Жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдердің бағалары:

Сиыр еті – 3 400 тг/кг
Қой еті – 3 400 тг/кг
Жылқы еті – 3 400 тг/кг
Сары май (қолдың) – 7 500 тг/кг
Сүт – 1 000 тг/1,5 л
Айран (қолдың) – 600 тг/л
Қаймақ (қолдың) – 3 500 тг/0,5 л
Ірімшік – 1 400 тг/кг
Құрт – 3 000 тг/кг
Тары – 450 тг/б
Талқан – 450 тг/б
Тауық жұмыртқасы (10 дана) – 800 тг
Қызанақ – 450 тг/кг
Қияр – 600 тг/кг

Барша тұрғындарды жәрмеңкеге шақырамыз!

Өтетін орны: Хромтау қаласы, Мәдениет орталығының алаңы
Күні: 16 қазан 2026 жыл
Басталуы: 07:00

14 октября 2026
ҚҰРМЕТТІ ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға шақырамыз!

Күні: 16 қазан 2026 жыл
Өтетін орны: Хромтау қаласы, аудандық мәдениет орталығының алаңы мен ғимараты

МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА:

07:00–09:30 — Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі
09:30–10:45 — Ауыл шаруашылығы және «Ауыл аманаты» жобасы өнімдерінің көрмесі
09:30–10:45 — Мерекелік фуршет
11:00–12:30 — Ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне арналған мерекелік концерт және сала үздіктерін марапаттау рәсімі

Баршаңызды ауыл еңбеккерлерінің еңбегін ұлықтап, мерекелік іс-шараларға бірге қатысуға шақырамыз!

Ауыл шаруашылығы – ел берекесі мен молшылықтың негізі. Баршаңызды мерекелік іс-шараларға қатысып, ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің еселі еңбегін бірге ұлықтауға шақырамыз!

14 октября 2026
ХРОМТАУДА ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН «КҮЙ КҮМБІРІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Хромтау төрінде қазақтың күй өнері ұлықталып, ұлттық мәдени мұраны дәріптеген тағылымды өнер додасы өтті. Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына және күй өнерінің көрнекті өкілі Беркімбаев Ермекбай Қалжанұлының арнайы жүлдесіне арналған ІІІ аймақтық «Күй күмбірі» байқауы өз мәресіне жетті.

Өнер додасына Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының әр өңірінен жас күйшілер қатысып, дәстүрлі күй орындаушылықтағы шеберліктерін ортаға салды.

Байқаудың ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов күйдің қазақ халқының рухани өміріндегі айрықша орнына тоқталды.

«Қазақ халқы үшін күйдің орны ерекше. Күй – жай ғана әуен емес. Ол – халқымыздың тарихы, тағдыры, қуанышы мен мұңы. Домбыраның қос ішегінен төгілген әрбір күйде ұлттық рухымыз бар. Биылғы байқаудың ұлы күйші Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына және күй өнерінің көрнекті өкілі Беркімбаев Ермекбай Қалжанұлының арнайы жүлдесіне арналуының өзіндік мәні бар. Екі біртуар күйшінің өнегелі жолын сабақтастыра отырып, бүгінгі жас орындаушыларға ұлттық өнердің қадірін жеткізу – байқаудың басты құндылықтарының бірі», – деді аудан әкімі.

Байқау барысында қатысушылар дәстүрлі күй өнерінің түрлі мектептерін насихаттап, ұлттық мұраны жаңғыртуға өз үлестерін қосты. Әр орындаушының өнері кәсіби мамандар тарапынан бағаланып, үздіктер анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша:

 Бас жүлде – Ахмедияр Марғұлан, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы;
І орын – Тлеген Саят, Атырау облысы;
ІІ орын – Рзалиев Ислам, Орал қаласы;
ІІІ орын – Арынғазы Амангелді, Хромтау ауданы;
ІІІ орын – Серіков Асылбек, Ойыл ауданы.
 «Көрермендер көзайымы» номинациясы – Жарылқасынова Әлиянұр, Шалқар ауданы.

Жүлдегерлермен қатар, байқауға қатысқан барлық жас өнерпаздарға арнайы дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Шара барысында қазақ мәдениеті мен ұлттық өнерді ұлықтауға, күй өнерін насихаттауға және жас таланттардың шығармашылық жолына қолдау көрсетуге атсалысып жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ Беркімбаев Ермекбай Қалжанұлының қоры атынан бірқатар арнайы номинациялар табысталды.

Хромтау төріндегі «Күй күмбірі» байқауы жас күйшілердің өнерін шыңдап қана қоймай, қазақтың қасиетті домбырасы мен күй өнерінің қадірін тағы бір мәрте айшықтады.

Күй күмбірі үзілмесін, ұлттық өнердің мерейі үстем болсын!

14 октября 2026
ХРОМТАУДА ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ҰЛЫҚТАЛЫП, ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Хромтау ауданында Ұстаздар күніне орай «Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі!» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Мерекелік кешке білім беру саласының ардагерлері, мектеп мұғалімдері, балабақша педагогтері, білім беру ұйымдарының басшылары мен сала үздіктері қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі әрі білікті азамат болып қалыптасуындағы еңбегін атап өтті. Сондай-ақ шараға арнайы келген Ақтөбе облысының білім басқармасының бас маманы Жайнагүл Ракишева ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Шара барысында 40 ардагер ұстазға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды. Сондай-ақ білім беру саласының дамуына үлес қосып, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде нәтижелі еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Ақтөбе облысының білім басқармасының және аудан әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Ұстаздарға арналған әндер шырқалып, әсерлі музыкалық және би қойылымдары ұсынылды.

Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, елдің ертеңін қалыптастыратын маңызды тұлға. Сондықтан ұстаз еңбегін ұлықтау – қоғамның ортақ міндеті.

03 октября 2026
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

3–4 қазан күндері Астана қаласында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірде өндірілген 200 тоннадан астам өнім ұсынылуда.

 Жәрмеңке Қарқаралы-1 тас жолы бойындағы «Ипподром» алаңында ұйымдастырылған. Оған Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және қайта өңдеу кәсіпорны қатысуда.

Сауда сөрелеріне 75 тонна ет, 44,4 тонна картоп пен көкөніс, 11,7 тонна сүт өнімі, 24 мың дана жұмыртқа, 3,5 тонна балық, сондай-ақ шұжық, ұн және ұн өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар мен басқа да тауарлар қойылған.

Жәрмеңкедегі өнімдер Астана қаласының нарықтық бағасынан 15–20%-ға төмен бағамен сатылуда. Бұл елорда тұрғындарына сапалы отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

«Бүгін жоспарға сәйкес Ақтөбе облысынан Астана қаласына жәрмеңкеге келдік. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордаға 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткіздік. Оның ішінде ет, сүт өнімдері мен көкөністер бар. Облысымызда асыл тұқымды мал шаруашылығына басымдық берілгендіктен, сиыр етінің сапасы жоғары. Елорда тұрғындары мен осында тұратын жерлестеріміз Ақтөбе етін асыға күткен екен. Жәрмеңкеге келушілердің көңіл-күйі көтеріңкі, өнімдерімізге ризашылығын білдіріп жатыр»,

– деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Алжанов.

Жәрмеңкеге жеткізілген ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінген. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Айбек» ет комбинатында мал сою жұмыстары жүргізіліп, 150 бас ірі қара, 50 бас жылқы және 200 бас қой сойылған. Дайын ет өнімдері Астана қаласына жеткізілді.

«Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбедегі «Айбек» ет комбинатында мал сою жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 150 бас ірі қара, 50 бас жылқы және 200 бас қой сойылып, сапалы ет өнімдері Астана қаласына жеткізілді. Бүгінде елордамызда жәрмеңке өтіп жатыр. Жерлестеріміз, ақтөбеліктер келіп, өнімдерімізді қуана сатып алуда. Жәрмеңкенің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалаймыз»,

– деді «Реймқұл» шаруа қожалығының басшысы Самат Қалдығұлов.

Жәрмеңкеде өңірдің қайта өңдеу кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының өнімдері де кеңінен ұсынылған. Атап айтқанда, «Айс+» және «Агрофирма Тау» кәсіпорындарының сүт өнімдері, «Шыңғыс» және «Абылай» шаруа қожалықтары мен «Шекшек Ата» ауыл шаруашылығы кооперативінің қымыз, шұбат және ешкі сүті сатылуда.

Сонымен қатар «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» және «Рамазан» кәсіпорындарының ұн және макарон өнімдері, «АТК «Айбек», «Степное», «Рокос» кәсіпорындарының ет консервілері мен шұжық өнімдері, жылыжай шаруашылықтарының көкөністері және басқа да тауарлар ұсынылған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген өнімдер де жәрмеңке сөрелерінен орын алған.

03 октября 2026
Ақтөбе облысында жаңбыр, қар және қатты жел күтіледі

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Ақтөбе облысында ауа райы күрт суытады.

3–4 қазанда жаңбыр мен қар жауады. 3 қазан күндіз және 4 қазан тәулік бойы облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі.

3–5 қазанда желдің екпіні 15–20 м/с болады. 3–4 қазанда облыстың оңтүстігі мен шығысында, 5 қазанда солтүстігі мен шығысында екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

4 қазанға қарай күндіз ауа температурасы +2…+7 градусқа дейін төмендейді. Сол түні облыстың батысы мен солтүстігінде 5 градусқа дейін аяз күтіледі.

Ақтөбе қаласында:

3–4 қазанда жаңбыр мен қар, 3–5 қазанда 15–20 м/с жел күтіледі. 2 қазанда күндіз +13…+15 градус болса, 3 қазанда күндіз +6…+8, түнде +2…+4 градусқа дейін суытады.

Тұрғындарды ауа райын ескеріп, жолда абай болуға шақырамыз.

03 октября 2026
Қарттар күніне орай облыс әкімі Асхат Шахаров еңбек ардагерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы белгілі журналист, өлкетанушы әрі зерттеуші Асқар Идош Мұсақұлымен кездесіп, оның журналистикаға, туған өлкенің тарихын зерттеуге қосқан еңбегін атап өтті. Асқар Идош ұзақ жылдар бойы «Ақтөбе» облыстық газетінде қызмет етіп, өңірдің тарихы мен көрнекті тұлғалары туралы құнды еңбектер қалдырған.

Сондай-ақ Асхат Шахаров 91 жастағы еңбек ардагері Надежда Соколованы құттықтады. Надежда Николаевна «Әуежөндеу» АҚ зауытында 40 жылдан астам еңбек етіп, өндірістік бақылау маманы болып қызмет атқарған.

Кездесулер барысында облыс әкімі аға буынға құрмет көрсету мен қамқорлық жасаудың маңызын атап өтті.

«Ардагерлеріміз бен аға буын өкілдері – тарихымыз бен рухани құндылықтарымыздың сақтаушылары. Олардың еңбегін бағалап, өмір жолын құрметтеу – біздің парызымыз»,

– деді Асхат Шахаров.

Аймақ басшысы ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен бақ-береке тіледі.

03 октября 2026
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.

Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.

Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.

Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялармен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстандық ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.

03 октября 2026
ХРОМТАУДА 6 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ

Хромтау қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар аясында жаңа пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шарада Хромтау қаласы мен Дөң ауылының тұрғынына көптен күткен баспаналарының кілттері табысталды.

Қоныс тойын тойлаған азаматтарды Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов арнайы құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде отбасы құндылықтары мен анаға деген құрметтің маңыздылығына тоқталып, жаңа шаңырақ иелеріне құт-береке мен амандық тіледі.

Бұл қолдау шаралары өңірдегі халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы