Меню

Страницы

Статья

Заңсыз жиналыстар мен ереуілдерге қатысу туралы

Еңбек кодексінің 171-бабына сәйкес егер татуластыру рәсімдері арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткізілмесе, сондай-ақ жұмыс беруші татуластыру рәсімдерінен жалтарған не ұжымдық еңбек дауын шешу барысында қол жеткізілген келісімді орындамаған жағдайларда, жұмыскерлер ереуіл өткізу туралы шешім қабылдай алады.

Ереуіл өткізу жөніндегі шешім жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) жиналысында (конференциясында) қабылданады. Жұмыскерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады.

Ереуілдер осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер мен талаптар ескерілмей жарияланған жағдайда соттың шешімімен заңсыз болып танылады. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандатушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады (Еңбек кодексінің 176-бабы).

Сонымен қатар, ереуiлге қатысуға мәжбүрлеу Қылмыстық кодекстің 157-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған шақыру, сол сияқты жұмыскерлерді осы мақсатта параға сатып алу Қылмыстық кодекстің 402-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұған қоса, 06.06.2020 жылдан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді (әрі қарай - Заң), онда жиналыстар, митингілер және пикеттер ұйымдастыру мен өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.

Заңның 10 және 11-баптарына сәйкес ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін бес жұмыс күн бұрын қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарламаны әкімдікке береді, ол үш жұмыс күн ішінде қаралады.

Аталған мерзімде жауап берілмеген жағдайда ұйымдастырушы бейбіт жиналыс өткізеді (Заңның 11-бабы 1-тармағы 3-тармақшасы).

Бұл ретте бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізіліуі тиіс (Заңның 9-бабы). 

Заңсыз жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды не өзге де көпшiлiк iс-шараны ұйымдастыру немесе оларға қатысу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабына сай әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, заңсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де заңсыз жария іс-шара ұйымдастыру, өткізу не оларға қатысу, сол сияқты үй-жай, байланыс құралдарын, жабдықтар, көлік беру арқылы осындай іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткізуге жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiрсе, ол үшін Қылмыстық кодекстің 400-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделген.

         Осымен бірге, көлік коммуникацияларын бұғаттау, егер бұл іс-әрекеттер көлiк пен байланыстың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына әкеп соқса, Қылмыстық кодекстің 350-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

 

Хромтау ауданының прокуратурасы

Дата публикации
29 марта 2022
Дата обновления
29 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы