Сайлау
Алқалылық, жариялылық, ашықтық
Аудандық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес 2021 жылғы 21 қарашаға тағайындалған Абай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы К.К. ДИЯРОВАДАН айтып беруді өтіндік.
- Сайлауға дайындықты және бақылауды кім жүргізеді?
- Сайлауды әзірлеу мен бақылауды аумақтық және Абай учаскелік сайлау комиссиялары ұйымдастырады. Олар өз қызметін алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзеге асырады.
Хромтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын көрсете отырып, сайлау округінің тізімдерін жариялайды.
- Сайлау өткізу тәртібі?
- 2021 жылғы 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де учаскелік комиссия сайлау учаскесін ашады, ал 6.30-да учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы ауылдық округ әкімінің сайлауын өткізуге дайындығы туралы хабарлайды. Тиісті хаттама жасалады. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және әкім сайлауы жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында әкім сайлауының қорытындылары туралы ақпарат жарияланады.
- Аумақтық сайлау комиссиясы қызметінің бағыттары қандай?
- Аумақтық сайлау комиссиясы сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, Абай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді. Аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиясының шешіміне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды. Соның ішінде сайлаушылар туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылығы мен дұрыстығын бақылайды.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты қауіптердің алдын алу, сайлау науқаны кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті және азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сайлау комиссияларының мүшелері бас мемлекеттік санитариялық дәрігер белгілеген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз етеді.
- Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу қалай жүзеге асырылады?
- Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, саяси партияларды тіркеу сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
2021 жылғы 23 қазанда басталып, 2021 жылғы 10 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Тіркелгенге дейін ауылдық округ әкімдігіне кандидат не саяси партиялар (ұсынылған әрбір кандидат үшін) жергілікті атқарушы органдардың шотына ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
- Аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеуден бас тарта ала ма немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоя ала ма?
- Иә, саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда.
- Сайлау алдындағы үгіт қай сәттен басталып, қашан аяқталады?
- Ол саяси партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Үгіт БАҚ арқылы, сайлау алдындағы жария іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттар мен сенім білдірілген адамдардың сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу жолымен, баспа дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен жүзеге асырылатынын атап өткім келеді.
Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарына, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, Ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Бұдан басқа, үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға, үгіт материалдарын ескерткіштерге, обелисктерге, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға іліп қоюға тыйым салынады.
- Сайлаушылар тізіміне кімдер енгізілуі мүмкін?
- Азаматты сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік Дерекқордың негізінде тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен алып тастала отырып, сайлаушылар тізімдеріне өздерінің жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде енгізіледі.
Сайлау учаскесі бойынша тізімдер сайлаушыларға танысу үшін беріледі.
Тізімге өзгерістер енгізілген жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарлайды.
Лариса КИМ