Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер 10 220 066,0 мың теңге;
салықтық түсімдер 5 117 615,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 119 865,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 20 520,0 мың теңге;
трансферттер түсімі 4 962 066,0 мың теңге;
2) шығындар 10 220 066,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 7 762,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер 21 877,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 14 115,0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен
операциялар бойынша сальдо 0,0 мың теңге;
қаржы активтерiн сатып алу 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) -7 762,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитті пайдалану) 7 762,0 мың теңге;
қарыздар түсімі 21 877,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу 14 115,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0,0 мың теңге.
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;
бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;
облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;
мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.
Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
Облыстық бюджеттен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен берілетін трансферттер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің есебіне жатқызылады.
1) жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi 43 272 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 34 302 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.
1) төлем көзінен кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша 60 пайыз;
2) әлеуметтік салық бойынша 60 пайыз;
3) мұнай секторындағы ұйымдардың кірістерін қоспағанда, кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығы 60 пайыз.
білім беру саласына 3 138 489,0 мың тенге;
ведомстволық бағынысты спорт ұйымын ұстауға 51 956,0 мың теңге;
ветеренария саласында қызмет көрсетуге және ұстауға 63 258,0 мың теңге көлемінде ескерілсін.
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 33 240,0 мың теңге;
балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 11 050,0 мың теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға 8 305,0 мың теңге;
техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар тізбесін кеңейтуге 2 100,0 мың теңге;
мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 4 722,0 мың теңге;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға 208,0 мың теңге;
жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына 53 805,0 мың теңге;
қоғамдық жұмыстарға 72 001,0 мың теңге;
жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру, оның ішінде NEET санатындағы жастар, табысы аз көпбалалы отбасы мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер үшін мемлекеттік гранттар 29 170,0 мың теңге;
әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге 6 482,0 мың теңге;
мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге 20 166,0 мың теңге.
Табантал ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге 207 179,0 мың теңге;
Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 6 760,0 мың теңге;
балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 1 950,0 мың теңге;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге 8 678,0 мың теңге;
жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 12 723,0 мың теңге;
Табантал ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге 314 885,0 мың теңге;
Тассай ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге 318 839,0 мың теңге;
Тасөткел ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге 420 968,0 мың теңге;
Көрсетілген даму трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
Тасөткел, Ақбұлақ ауылдарына тартылатын және орам ішіндегі газ құбырын салуға 618 478,0 мың теңге;
Дөң ауылдық округі Оңғар ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысына 248 265,0 мың теңге;
Дөң ауылында сумен жабдықтау желілерін салуға 580 265,0 мың теңге;
Дөң ауылында газбен жабдықтау желілерін салуға 538 729,0 мың теңге;
Дөң ауылында электрмен жабдықтау желілерін салуға 389 160,0 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Дөң ауылында «Ангар үлгісіндегі» спорт кешенін салуға 180 840,0 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Көктау ауылында «Ангар үлгісіндегі» спорт кешенін салуға 64 187,0 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 21 877,0 мың теңге.
Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
Тасөткел, Ақбұлақ ауылдарында тартылатын және орам ішіндегі газ құбырын салу 55 635,0 мың теңге;
Дөң ауылдық округі Оңғар ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысына 62 066,0 мың теңге;
Дөң ауылында сумен жабдықтау желілерін салуға 58 918,0 мың теңге;
Дөң ауылында газбен жабдықтау желілерін салуға 43 719,0 мың теңге;
Дөң ауылында электрмен жабдықтау желілерін салуға 28 810,0 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Дөң ауылында «Ангар үлгісіндегі» спорт кешенін салуға 21 348,0 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Көктау ауылында «Ангар үлгісіндегі» спорт кешенін салуға 18 821,0 мың теңге;
Хромтау қаласының «22 квартал» шағын ауданында екі бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына 125 125,0 мың теңге;
Хромтау қаласы «№22 квартал» шағын ауданыңда аз қабатты тұрғын үйлерге су құбыры желілерінің құрылысына 81 859,0 мың теңге;
Ақжар ауылындағы кентішілік автомобиль жолдарын қайта құруға 36 337,0 мың теңге;
Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
Осы ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
|
Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
|
А. Габбасов |
|
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Д. Мулдашев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 08.01.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 7942 болып енгізілді
Результаты согласования
Хромтауский районный маслихат - Председатель сессии Хромтауского районного маслихата Амандык Тулендикович Габбасов, 05.01.2021 17:51:31, положительный результат проверки ЭЦП
Хромтауский районный маслихат - Секретарь Хромтауского районного маслихата Даурен Хайреденович Мулдашев, 05.01.2021 17:52:17, положительный результат проверки ЭЦП
Хромтауский районный маслихат - Председатель сессии Хромтауского районного маслихата Амандык Тулендикович Габбасов, 05.01.2021 17:52:56, положительный результат проверки ЭЦП
Департамент юстиции Актюбинской области - Руководитель департамента юстиции Актюбинской области Бекбулат Жуматаевич Колумбаев, 05.01.2021 18:25:21, положительный результат проверки ЭЦП