Меню

Страницы

Статья

Есеп беру барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша Хромтау ауданы әкімінің ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Аудан әкімдерінің 2021 жылдағы есеп беру барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

2021 жылғы 1 сәуір айы жағдайы бойынша

 

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда)

Хромтау ауданы

1.        

Тасөткель ауылына кіреберіс автомобиль жолының орташа жөндеуін аяқтау

Тасөткел ауылына кіреберіс автомобиль жолын жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 426,9 млн тенге бөлінді. Жөндеу жұмыстары мамыр айынан жалғасын табады.

орындалуда

2.        

Бөгетсай ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу

Бөгетсай ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу бойынша ЖСҚ сараптамадан өткізіліп, облыстық мәдениет басқармасына қажетті 63 607, 0 мың.тг қаражат бөлу жөнінде өтінім жолданды. Қазіргі уақытта «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаражаттың бөлінуі күтілуде.

орындалуда

3.        

Оңғар ауылында су құбыры желілерінің құрылысы

"Оңғар ауылында су құбыры желілерінің құрылысы" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджеттен 310,3 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні мердігер мекемені анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

орындалуда

4.        

Бөгетсай ауылында ауылішілік көшелері жолдарын орташа жөндеу

Бөгетсай ауылында ауылішілік көшелері жолдарын орташа жөндеу жұмыстары «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асыратын болады. Жалпы ЖСҚ құны – 133,3 млн тенге. Қазіргі таңда облыстық бюджеттін – 10% қаражаты бөлінді, қалған соманы республикалық бюджеттен күтілуде. Бүгінгі таңда мердігер мекеме белгілеу үшін конкурс жарияланды.

орындалуда

5.        

Никельтау ауылының ауыз су құбыры қайта жаңарту

Никельтау ауылының ауыз су құбыры қайта жаңарту жобасы республикалық бюджеттен қолдауын тапты. ЖСҚ құны 310,0 млн тенге құрайды. Қазіргі таңда облыстық бюджеттін – 10% қаражаты бөлінді, қалған соманы республикалық бюджеттен күтілуде. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықтау үшін,  конкурс жариялауға Мемлекеттік сатып алу басқармасына хат жолданды.

орындалуда

6.        

Көктау ауылында мәдениет үйінің құрылысы

2020 жылы құрылыс – монтаж жұмыстары басталды. Бас мердігер «Бабэк - Курылыс» ЖШС. Жалпы келісім – шарт соммасы – 65 201,0 мың теңгені құрайды.

орындалуда

7.        

Дөң ауылында «Ангар» үлгісіндегі спорт кешенінің құрылысы

Жобалау сметалық құжаттары  дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң шешімі алынды.

орындалуда

8.        

Тамды ауылындағы спорт залының құрылысы

Мердігер - «Кварц – Спецсервис»ЖШС-мен 2021 жылғы 17 наурыз күні келісімшартқа отырылды. Сметалық құны:136986,483 мың теңге. Тапсырыс беруші :Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы.

орындалуда

9.        

Хромтау қаласы 22 кварталл ауданының кварталішілік автомобиль жолдарының құрылысы

«Хромтау қаласының 22-ші квартал ауданының кварталішілік жол салу» жобасы бойынша жол басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Бұл жоба қолдау тапты, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуі күтілуде. Құрылыс монтаж жұмыстар құны – 177 млн.тенге құрайды. Жолдың жалпы ұзындығы – 2,9 км құрайды.

орындалуда

10.     

Хромтау қаласы Абай даңғылының жолын орташа жөндеу

Хромтау қаласы Абай даңғылы жолын орташа жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Жобаның құны 100 425,080 мың теңге. Алдағы уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурс өткізіліп, құрылыс жұмыстары басталатын болады.

орындалуда

11.     

Ақжар ауылындағы Ақжар ОМ үлкейту (пристройка) бойынша ЖСҚ әзірлеу

Аталған жоба бойынша ЖСҚ дайындау үшін қаражат алдағы уақытта қарастырылатын болады.

орындалуда

12.     

Хромтау қаласы Жеңіс даңғылы 4 мекен-жайындағы әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, «Әкімшілік азаматтар үшін» форматында қайта іске қосу

Хромтау қаласы Жеңіс даңғылы 4 мекен-жайында Хромтау қаласының бұрынғы Хромтау қаласы әкімдігі ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бюджеттен  157,3 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Мердігер компания құрылыс жұмыстарын аяқтағаннан кейін  «Әкімшілік азаматтар үшін» форматында қайта іске қосылатын болады.

орындалуда

13.     

Көктау ауылында «Ангар» үлгісіндегі спорт кешенінің құрылысын аяқтау

2020 жылы Көктау ауылында «Ангар типты» спорт кешенінің құрылысы нысаны бойынша құрылысы – монтаж жұмыстары басталды. Бас мердігер «Стройком+Сервис» ЖШС. Жалпы келісім – шарт соммасы – 188 209,0 тыс тенге.

орындалуда

14.     

Хромтау қаласындағы  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімініде шақыру пунктінің құрылысы

Хромтау қаласындағы  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру пунктінің құрылысына бюджеттен 73,9 млн. теңге бөлінді.  Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

орындалуда

 

Дата публикации
10 февраля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы