"Дипломмен ауылға" жобасына Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 43 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы»» бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Аталған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ендігі кезекте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандармен қоса ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне де көтермеақы мен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредиттер берілетін болады. аудандық мәслихаты жыл сайын көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдайды.
Маңызды өзгерістерге тоқтала кетсек:
бекітілген сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі арқылы мамандарға әлеуметтік шаралар көрсетілетін болады. Сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі (көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың және/немесе олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі) қалыптастырылады, тізбе әкімдігінің интернет-ресурсында, www.egov.kz сайтында орналастырады және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына мәлімет үшін ұсынылады;
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды;
Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша тұрақты комиссия алынып тасталынды;
Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша берешегі бар көрсетілетін қызметті алушыларға оларды толық өтеген сәтке дейін ұсынылмайды.
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде аудан әкімдігі маманнан келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді: тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру кезінде: сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі, сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім. Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру кезінде: кепіл мүлкін бағалау актісі, кепіл мүлкін сақтандыру шарты, тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.
Келісім жасалғаннан кейін: көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көтерме жәрдемақы сомасын көрсетілетін қызметті алушылардың жеке есеп шоттарына аударады; сенім білдірілген өкіл (агент) кепіл шартын тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыға сатып алынатын жылжымайтын немесе кепіл мүлкін бағалау актісін ескере отырып, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит береді.
Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман мынадай құжаттарды ұсынады:
көтерме жәрдемақы алған кезде:
-Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
-жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
-жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
- Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
-жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
-сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
-Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
- Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
-жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
-жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
-сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
-Кредиттік бюродан есеп.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
Хромтау ауданы әкімдігінің мекен-жайы:
Хромтау қаласы,22 шағын аудан,Республика көшесі, 784,2-қабат, 209 бөлме
Тел.: 59-5-60. Сайт: http://hromtau.aktobe.gov.kz.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы И. Нұрғалиева