Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы
Дөң ауылдық округінің әкімін
сайлау қорытындысы туралы
хабарлама
2026 жылғы 8 ақпанда Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 2181 азамат енгізілді, олардың 1357 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аққұлов Е.І. – 1096; Бурабай А. – 133; Жайлыбай С.А. – 125.
Аққұлов Ербол Ізбасқанұлы – 1980 жылы дүниеге келген, Дөң ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Оңғар ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы