Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылдық округінің
әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы қорытынды
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Дөң ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Аққұлов Ербол Ізбасқанұлы, 1980 жылы дүниеге келген, Дөң ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Оңғар ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
- Бурабай Асыланбек, 1998 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Жайлыбай Санжар Абайұлы, 1991 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.