«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес, 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттарға аудандық «Хромтау» газеті бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес, 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттарға аудандық «Хромтау» газеті бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см құны – 350 теңге;
  2. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны – 400 теңге;
  3. Үміткерлер ұсынылатын мәтіндік, фото, т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттық сенімхаты бар тұлғаның міндетті түрде қолы қойылады;
  4. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен қоса беріледі;
  5. Макет жасау мен баспа орнын ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады;
  6. Сайлауалды үгіт материалдарын берудің соңғы мерзімі 2026 жылғы 2 ақпан күнгі жергілікті уақытпен сағат 12.30-ға дейін деп белгіленеді;
  7. Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады.

Ескерту: Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

«Хромтау» газетінің редакциясы

 

Дата публикации
13 января 2026