Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы
Хромтау қаласының әкімін
сайлау қорытындысы туралы
хабарлама
2026 жылғы 11 қаңтарда Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Хромтау қаласы әкімінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Хромтау қаласы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 18630 азамат енгізілді, олардың 6542 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 34, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Битанов К.К. – 4561; Мұхаметқали Е.Б. – 1132; Тлеубаев К.А. – 803.
Битанов Кеңшілік Қасенғалиұлы – 1991 жылы дүниеге келген, Хромтау қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Хромтау ауданы Хромтау қаласының әкімі болып сайланды.
Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы