Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №33 қаулысы
Хромтау ауданы Дөң ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Дөң ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалсын.
- Дөң ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 1 қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 13 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Дөң ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 18 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын.
Хромтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы Н. Хасанов
Хромтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
хатшысы Қ. Диярова