Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы
әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
қорытынды ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Хромтау қаласы бойынша 3 кандидат:
- Битанов Кеңшілік Қасенғалиұлы, 1991 жылы дүниеге келген, Хромтау қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған;
- Мұхаметқали Есет Батырханұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Тлеубаев Кенжетай Алдабергенұлы, 1986 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.