2021 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

ЖОБА                                                                    

2021 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша

салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының                          2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының                        6-тармағына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық экономика және  қаржы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Тлеуовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                          Н.Алдияров            

жоба
Дата публикации
24 ноября 2020