Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 23 002 282 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 16 187 100,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 102 911 мың теңге;

2) шығындар –  27 306 765 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 124 902 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 175 724 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 50 822 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 4 429 385,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               4 429 385,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 2 461 750 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 50 822 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 018 457,6 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 декабря 2025