Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Қаулысы №27

2025 жылғы 3 желтоқсан

 Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қаулысы №27 2025 жылғы 3 желтоқсан Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Хромтау қаласы әкімінің сайлауы 2026 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын. 2. Хромтау қаласының әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 4 желтоқсаннан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 16 желтоқсан жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін. 3. Хромтау қаласының әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 21 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін. 4. Осы қаулы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын. Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова
Дата публикации
03 декабря 2025