Хромтау аудандық мәслихатының №2, №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

Хромтау аудандық мәслихатының №2, №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қаулысы №20 2025 жылғы 27 тамыз Хромтау аудандық мәслихатының №2, №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. №2, №8 сайлау округтері бойынша шығып қалған Хромтау аудандық мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын. 2. Кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 27 тамызында басталып, 2025 жылдың 25 қыркүйегінде жергілікті уақытпен 18.00 аяқталсын. Кандидаттарды тіркеу 2025 жылдың 27 тамызында басталып, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақытпен 18.00 аяқталсын. 3. Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес 2025 жылдың 26 қазанына тағайындалған Хромтау аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін. 4. Осы қаулы аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын және сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы К. Диярова
Дата публикации
27 августа 2025