Хромтау ауданының тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау ережесін бекіту туралы

 Хромтау ауданының тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау ережесін бекіту туралы

 

ЖОБА Хромтау ауданының тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 30-тармақшасына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-2-бабы 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 149 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33796 болып тіркелген) негізінде, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Хромтау ауданының тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау ережелері бекітілсін. 2. Көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аудан әкімі Н. Тлеумұратов Аудан әкімдігінің 2025 ж. «___»____ №_______ қаулысына 1-қосымша Хромтау ауданының тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын бекіту туралы 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10–2–бабының 10–28) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау тәртібін белгілейді. 2. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) басқарушы компания - жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға; 2) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат; 3) өтінім – Қағидаларда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес басқарушы компанияның көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ басқарушы компанияның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтерді алуға келісімі; 4) баға ұсынысы – конкурсқа қатысу үшін өтінімге қоса берілетін әлеуетті басқарушы компания ұсынған баға. 2-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін уақытша басқарушы компанияны таңдау бойынша конкурсқа өтінім беру тәртібі 3. Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы жиналыста бірыңғай келісімге келмеген, тұрғын үй инспекциясы немесе тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін бір жылға дейінгі мерзімге уақытша басқарушы компанияны айқындайды. 4. Тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган уақытша басқарушы компанияны тағайындау үшін өзінің ресми интернет–ресурсында конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады, онда мынадай мәліметтер болуға тиіс: 1) басқаруға жататын көппәтерлі тұрғын үйдің мекенжайы; 2) көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық сипаттамаларының сипаттамасы; 3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі. 5. Уақытша басқарушы компания тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін ұсынылған басқарушы компанияға қойылатын жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек: 1) құқық қабілеттілігіне ие болу; 2) қаржылық орнықты болуы және тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы; 3) банкроттық немесе тарату процедурасында болмау. 6. Көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметтерін көрсетуге ниет білдірген әлеуетті басқарушы компаниялар тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына конкурс жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынады: 1) көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға қатысу туралы өтінім (1 – қосымшаға сәйкес); 2) құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жарғы); 3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және ақпараттық жүйелер арқылы алынған әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы мәліметтер. Анықтама құжаттар ұсынылған күннің алдындағы бір айдан ерте берілмеуі тиіс; 4) өз құрамында оқытудан өткен және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттелген ұйым немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыратын орталықтарда берген кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға арналған біліктілікті растайтын құжаты бар мамандардың болуы; 5) баға ұсынысы. 7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде нөмірленген және тігілген түрде, не тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасына ұсынылады. 8. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін өтінім берілген кезінде басқарушы компанияның өтінімі автоматты түрде қабылданбайды. 3-тарау. Өтінімдерді қарау 9. Тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы әлеуетті басқарушы компаниялардан келіп түскен кемінде үш өтінімнің негізінде конкурстық негізде уақытша басқарушы компанияны таңдауды жүзеге асырады. 10. Конкурстық комиссияны құрамына тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының қызметкерлері кіретін тиісті елді мекеннің жергілікті атқарушы органы бекітеді. 11. Конкурстық комиссия әлеуетті басқарушы компаниялар ұсынған өтінімдерді қоса берілген құжаттармен бірге осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне, өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қарайды. 4-тарау. Конкурс қорытындысын шығару 12. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия уақытша басқарушы компанияны айқындау үшін 5 тармақтағы өлшемшарттарға және баға ұсынынсына сәйкес конкурстың қорытындысын шығарады және хаттама ресімделеді. Жеңімпаз ең аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті уақытша басқарушы компания болып саналады. Бірнеше әлеуетті басқарушы компаниялар ең төмен баға ұсынысын ұсынған жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті басқарушы компаниялардың баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті басқарушы компания жеңімпаз болып танылады. 13. Барлық қатысушы басқарушы компанияларға конкурс нәтижелерімен танысу үшін қатысуға өтінімде көрсетілген электрондық поштаға хабарламалар жіберіледі. Уақытша басқарушы компанияны тағайындау ол айқындалған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. 5-тарау. Конкурсты өтпеді деп танудың негіздемелері мен салдарлары 14. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы талаптарға сәйкес өтінім берген жалғыз қатысушы болып табылатын басқарушы компаниялармен тікелей шарт жасасу жолымен, ал конкурсқа қатысушылар болмаған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кемінде он пайыз санында бастамашыл топ ұсынған басқарушы компанияның бірімен шарт жасасуға негіздемесі бар. Конкурсты өтпеді деп тануға негіз болып табылады: 1) Ұсынылған өтінімдердің болмауы; 2) екіден кем өтінім беру; 3) егер конкурс жеңімпазы тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда. 6-тарау. Шарт жасасу 15. Тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы уақытша басқарушы компанияны тағайындаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтер тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының лауазымды адамы не тұрғын үй қатынастары саласындағы мәселелерге жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы мен уақытша басқарушы компания арасында жасалған үлгілік шарт нысаны бойынша ол айқындалған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады (2-қосымшаға сәйкес). 16. Уақытша басқарушы компания екінші деңгейдегі банкте кондоминиум объектісін басқару және осы көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығыстарға ақша аудару үшін жеке ағымдағы шот ашады. 17. Уақытша басқарушы компания кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 20284 болып тіркелді) сәйкес жергілікті өкілді орган бекіткен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін қолдануы тиіс. 18. Бір жыл өткеннен кейін кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін таңдаған жағдайда, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері, сондай-ақ Үй кеңесі осындай өкілеттіктерді берген жағдайда осы Уақытша басқарушы компаниямен кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдауға негіздемесі бар. 19. Уақытша басқарушы компаниямен шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, егер көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері басқару нысанын таңдау туралы шешім қабылдамаса, онда тұрғын үй инспекциясының функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға уақытша басқарушы компанияны таңдау бойынша конкурсты қайта өткізеді. 20. Егер конкурс қорытындылары шығарылмаса, онда қолданыстағы уақытша басқарушы компаниямен шарт жаңа уақытша басқарушы компания анықталғанға дейін бір ай мерзімге ұзартылады. Аудан әкімдігінің 2025 ж. «___»____ №_______ қаулысына 2-қосымша Көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы А. Райысұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Комиссия мүшелері С. Шабикбаев Хромтау қаласының әкімі Р. Сарсенгалиев аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы К. Биржанов аудандық қоғамдық кеңес төрағасы К.Тлеубаев аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Отарбай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Дата публикации
10 июля 2025