Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар, Қопа, Табантал ауылдық округтерінің және Аққұдық ауылының әкімдерін тіркеу туралы хабарлама

Хромтау  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар, Қопа, Табантал ауылдық округтерінің және Аққұдық ауылының әкімдерін  тіркеу туралы хабарлама

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар, Қопа, Табантал ауылдық округтерінің және Аққұдық ауылының әкімдерін тіркеу туралы хабарлама 14 шілде 2025 жыл «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Хромтау ауданының Ақжар, Қопа, Табантал ауылдық округтері және Аққұдық ауылы әкімдерінің сайлау қорытындысы туралы Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде: Аққұдық ауылы бойынша: Ташенов Кайрат Кажигалиевич, 1965 жылы дүниеге келген, Аққұдық ауылының әкімі, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Майтөбе ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Аққұдық ауылының әкімі болып тіркелді. Ақжар ауылдық округі бойынша: Жухин Марат Адилханович, 1979 жылы дүниеге келген, «Ақжар орта мектебі» КММ директоры, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Ақжар ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. Қопа ауылдық округі бойынша: Жалтаев Нурбулат Рахимович, 1973 жылы дүниеге келген, «Parus Mining» ЖШС учаске бастығы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Қопа ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. Табантал ауылдық округі бойынша: Дуйсенбин Булатбек Жалгасович, 1973 жылы дүниеге келген, Ақжар ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Табантал ауылдық округінің әкімі болып тіркелді
Дата публикации
14 июля 2025