Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген тәуекелдерді басқарудың типтік жүйесіне сәйкес білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы жалақыны төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдалануы бойынша бақылауды күшейту мақсатында «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі енгізілді. Онлайн бюджеттік мониторинг - бұл нақты уақыт режимінде бюджеттік қаражаттың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа. Оның көмегімен мелмекеттік мекемелердің қаржы игеруі туралы деректер халыққа ашық ұсынылады. Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің нәтижелері бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтсақ, «Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың желтоқсан айында бас маманға артық сыйлықақы аударылғаны анықталды. Мониторинг нәтижесінде қабылданған алдын-алу шараларының арқасында артық сыйақы аударылған қаражат бюджетке толық көлемде өтелді. Аталған жағдайға байланысты, алдағы уақытта осындай заң бұзушылықтардың алдын алу және орын алуына жол бермес үшін бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен арнайы жиын өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
27 мая 2025