«Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы 1 тоқсандағы қызметі туралы есеп

           Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға ауданда мемлекеттік қызметтің 53 түрі көрсетіледі.

            Хромтау ауданының жергілікті атқарушы органдары 2024 жылдың 1 тоқсаны  бойынша  1 045   (2023 ж. 1 тоқсаны –  3 022) мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде:

Оның электрондық түрде 754 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 72,2 %-ды құрады (2023 ж. 1 тоқсаны –2416, 79,9%).  

Электронды қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында әрбір ауылдық округ әкімдіктерінде және аудандық әкімдікте  «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылып, әдістемелік көмек көрсету мақсатында арнайы жауапты маман бекітілді. 

Мемлекеттік орган арқылы қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 33 рет көрсетіліп, мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі 3,1 %-ды құрады. (2023 ж. 1 тоқсаны – 54, 1,8% қызмет көрсетілді.)

Мемлекеттік корпорация арқылы 258 қызмет көрсетіліп, қызметтердің үлесі 24,7 %-ды құрады. (2023 ж. 1 тоқсаны – 552, 18,3 % қызмет көрсетілді).

 

            Ауданда 6 аудандық бөлімдер және 1 ведомстволық бағыныстағы мекемелер, 14 ауылдық округ, 1 қала әкімінің аппараттары мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзу фактілері және  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану фактілері  орын алған жоқ.

***Анықтама: 2024 жылдың қаңтар айында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен ауданда ішкі бақылау іс-шарасы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне өткізілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар саны- 2.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мақсатында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. А.ж. 1 тоқсанында  19 іс-шаралар өткізілді, қамтылған халық саны - 259. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының жоғарылауына әдістемелік көмек ретінде аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылған ақпараттар жаңартылған. Халықты ақпараттандыру мақсатында жергілікті «Хромтау» газетіне 3 мақала жарық көрді.

Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыру мақсатында аудан орталығында және барлық ауылдық округтерде баннер орналастырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, көрсетілетін қызметтер туралы азаматтар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру және қызметтерді электрондық түрде көрсетуді өзектендіру бағытында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Хромтау аудандық бөлімінде аптасына 1 рет  құрылымдық бөлімше маманы және айына 1 рет аудандық бөлімдер мамандары «азаматтарды қабылдау» акциясын өткізеді. Аталмыш іс-шараларға аудандық мемлекеттік органдар және мемлекеттік корпорация қызметкерлері қатыстырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың құралы ретінде а.ж. қаңтар айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Т.Жақсыбаевтың және аудан бойынша барлық мемлекеттік қызметтер көрсететін аудандық бөлім мамандарының қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындарынан өз мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

А.ж. 15 наурызы күні сағат 10.00-12.00 аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында (ХҚКО) «Қызмет алушылар күні» атты іс-шарасы өткізілді. Азаматтарды қабылдауға аудандық жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мамандары қатысты.

Аудандық әкімдіктің ғимаратында  «Ашық әкімдік» қызмет етеді. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі; сәулет және құрылыс, қала құрылысы бөлімі; тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қызмет алушыларға әдістемелік көмек ретінде консультация беріп,   ғимаратта орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы  электронды түрде өтініштерін жіберіп, қызметтер алуда.

Дата публикации
06 марта 2025