БАСПАСӨЗ -РЕЛИЗІ
«Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173
«Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
шешімінің жобасына
«Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасы «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 319 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына 2-қосымшасына сәйкес әзірленді, онда «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өзгерді. Бұрын мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күн құрды, енгізілген өзгерістерге сәйкес 6 (алты) жұмыс күн болды.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.