Хромтау қаласы және Хромтау ауданының ауылдық округтері аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Өтініштерді қабылдау: 2024 жылғы 25 шілде – 8 тамыз аралығы.
Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Хромтау қаласы, Республика көшесі 784, 2 қабат 217 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (71336) 59-9-87. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2024 жылғы 8 тамыз сағат 18:30-ге дейін қабылданады.
Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес, орынның нөмірін нақты көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) кәсіпорынның мөрімен расталған өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;
6) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
7) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісімшарттардың көшірмесі, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т. б.);
8) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.
Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau?lang=kk ресми сайтында жарияланған, сонымен қатар, талап бойынша қатысушыға қолма қол ұсынылады.
Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Хромтау ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau?lang=kk ресми сайтында жарияланады.
Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
|
№ |
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары |
Орналасқан алаңы, шаршы метр |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл |
Қызмет саласы |
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
|
1 |
Хромтау қаласы, Орталық саябақтың аумағында, субұрқаққа қарама-қарсы |
6 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
2 |
Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, «Қазақстан Халық банкі Акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының Хромтау аудандық басқармасы» ғимаратының сол жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
3 |
Хромтау қаласы, Амантай Әліпов көшесі, «Саяхат» автовокзалына қарама-қарсы |
10,5 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
«Саяхат» автовокзалы |
|
4 |
Абай ауылы, Мектеп көшесі, № 9 үйдің оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
5 |
Ақжар ауылы, Әйтеке би көшесі, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақжар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
6 |
Бөгетсай ауылы, Сырлыбай Бекбаев көшесі, № 4 үйге қарама-қарсы |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
7 |
Көктау ауылы , Геологтар көшесі, № 5 үйдің оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
8 |
Қызылсу ауылы, Абай көшесі, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қызылсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
9 |
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Майтөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
10 |
Құдықсай ауылы, Мектеп көшесі, № 1 үйдің оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
11 |
Құдықсай ауылы Жеңіс көшесі, № 8 үйдің оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
12 |
Қопа ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, № 10 үйдің оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
«Тағам» дүкені |
|
13 |
Никельтау ауылы, Мектеп көшесі, № 5 үйдің сол жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
14 |
Тасөткел ауылы, Сай көшесі, Тасөткел ауылдық клубының оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
15 |
Табантал ауылы, Табантал ауылдық медициналық пунктіне қарама-қарсы |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
жоқ |
|
16 |
Тассай ауылы Есет Батыр көшесі, «Алсу» дүкенінің оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
«Алсу» дүкені |
|
17 |
Хромтау қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, «Көктерек» дүкенінің оң жағында |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
«Көктерек» дүкені |
|
18 |
Хромтау қаласы, Ғазиза Жұбанова көшесі, «Арзан тағам» дүкенінің сол жағында, №1 орын |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
«Арзан тағам» дүкені |
|
19 |
Хромтау қаласы, Ғазиза Жұбанова көшесі, «Арзан тағам» дүкенінің сол жағында, №2 орын |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
«Арзан тағам» дүкені |
|
20 |
Хромтау қаласы, Есет Батыр көшесі, «Көк үй» сауда үйіне қарама-қарсы № 1 орын |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
«Көк үй» сауда үйі |
|
21 |
Хромтау қаласы, Есет Батыр көшесі, «Көк үй» сауда үйіне қарама-қарсы № 2 орын |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
«Көк үй» сауда үйі |
|
22 |
Көктау ауылы , Нұрлы көш көшесі, Орталық саябақтын оң жағында № 1 орын |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
Жоқ |
|
23 |
Көктау ауылы , Нұрлы көш көшесі, Орталық саябақтын оң жағында № 2 орын |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
Жоқ |
|
24 |
Көктау ауылы , Нұрлы көш көшесі, Орталық саябақтын оң жағында № 3 орын |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
Жоқ |
|
25 |
Көктау ауылы , Нұрлы көш көшесі, Орталық саябақтын оң жағында № 4 орын |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
Жоқ |
|
26 |
Дөң ауылы, Бейбітшілік көшесі, №50 ғимаратына қарама-қарсы |
15 |
5 |
Азық-түлік/азық -түлік емес тауарлар |
Жоқ |