Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау қорытындысы туралы хабарлама
Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлау қорытындысы туралы хабарлама
Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ 2024 жылғы 11 ақпанда Хромтау ауданының Абай және Бөгетсай ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2 сайлау округтері бойынша өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Хромтау ауданының Абай және Бөгетсай ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды: Абай сайлау округі Абай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 240 азамат енгізілді, олардың 164-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 16. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Альмуханов А.Н. 38; Казмагамбетов А.С. - 35; Суиналин М.А. – 69. Суиналин Махамбет Арынгазыевич, 1978 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Хромтау ауданы Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Абай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 12 ақпандағы №1 шешімімен 2024 жылғы 11 ақпанда сайланған Хромтау ауданы Абай ауылдық округінің әкімін тіркеді. Бөгетсай сайлау округі Бөгетсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 939 азамат енгізілді, олардың 455-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 28, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 4. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Жайлыбай С.А. – 3; Кауанов Е.С. – 156; Мустафин А.Е. – 119, Ізбасар Н.А. – 145. Кауанов Еркебулан Сарсенбаевич, 1985 жылы дүниеге келген, «Қазына» шаруа қожалығының басшысы, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Бөгетсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 12 ақпандағы №2 шешімімен 2024 жылғы 11 ақпанда сайланған Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Дата публикации
12 февраля 2024