Аудандық «Хромтау» газетінде әкімге кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы хабарлама

Сообщение о размере, условиях и порядке оплаты за предоставление места кандидатам в акимы в районной газете "Хромтау"

Аудандық «Хромтау» газетінде әкімге кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы хабарлама 1. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см құны – 200 теңге; 2. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны - 250 теңге; 3. Үміткерлер ұсынылатын мәтіндік, фото, т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттық сенімхаты бар тұлғаның міндетті түрде қолы қойылады; 4. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен қоса беріледі; 5. Макет жасау мен баспа орнын ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады; 6. Сайлауалды үгіт материалдарын берудің соңғы мерзімі 2024 жылғы 5 ақпан күнгі жергілікті уақытпен сағат 12.30-ға дейін деп белгіленеді; 7. Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады. Ескерту: Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Дата публикации
23 января 2024