Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешімінің БАСПА-РЕЛИЗІ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының  Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып  тіркелген) сәйкес,  Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Шешімнің 2-қосымшасына сәйкес,  Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
16 января 2024