Хромтау ауданының Абай және Бөгетсай ауылдық округтерінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

Хромтау ауданының

Абай және Бөгетсай ауылдық округтерінің әкімін сайлау

жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

Хромтау ауданының Абай және Бөгетсай ауылдық округтерінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Хромтау ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын: 1) Абай сайлау округі - Абай ауылдық округі аумағының шекараларында; 2) Бөгетсай сайлау округі - Бөгетсай ауылдық округі аумағының шекараларында. 2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын. Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Хромтау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова
Дата публикации
03 января 2024