Хромтау ауданының Абай және Бөгетсай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Хромтау ауданының Абай және Бөгетсай
ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
Хромтау ауданының Абай және Бөгетсай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Хромтау ауданының Абай және Бөгетсай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалсын. 2. Абай және Бөгетсай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 4 қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін. 3. Абай және Бөгетсай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 21 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін. 4. Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын. Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Хромтау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова
Дата публикации
03 января 2024