Хабарландыру

Хромтау қаласы және Хромтау ауданының ауылдық округтері аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Өтініштерді қабылдау: 2023 жылғы 7 - 21 қыркүйек аралығы.

Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады:  Хромтау қаласы, Республика көшесі 784, 2 қабат 217 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (71336) 59-9-87. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2023 жылғы 21 қыркүйек сағат 18:30-ге дейін қабылданады.

Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:

1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес, орынның нөмірін нақты көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;

2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) кәсіпорынның мөрімен расталған өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;

6) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

7) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісімшарттардың көшірмесі, ауыл     шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т. б.);

8) 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.

Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын  қамтамасыз етуге міндетті.

Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.

Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau?lang=kk ресми сайтында жарияланған, сонымен қатар, талап бойынша қатысушыға қолма қол ұсынылады.

Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Хромтау ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau?lang=kk ресми сайтында жарияланады.

Дата публикации
07 сентября 2023