Хромтау ауданы Хромтау қаласы және Қызылсу ауылдық округі әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің құрылғаны туралы

Хромтау ауданы Хромтау қаласы және Қызылсу ауылдық округі әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің құрылғаны туралы 

Хромтау аудандық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен Қызылсу ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен Қызылсу ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтары құрылсын: 1) Хромтау сайлау округі – Хромтау қаласы аумағының шекараларында; 2) Қызылсу сайлау округі – Қызылсу ауылдық округі аумағының шекараларында. 2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын. Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Хромтау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова Хромтау қаласы, 2023 жылғы 16 тамыз, № 98
Дата публикации
16 августа 2023