Хромтау ауданы Хромтау қаласы және Қызылсу ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Хромтау ауданы Хромтау қаласы және Қызылсу ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы 

Хромтау аудандық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен Қызылсу ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен Қызылсу ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын. 2. Хромтау қаласы мен Қызылсу ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 17 тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 29 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегіз болып белгіленсін. 3. Хромтау қаласы мен Қызылсу ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 3 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегіз болып белгіленсін. 4. Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын. Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Хромтау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова Хромтау қаласы, 2023 жылғы 16 тамыз, № 97
Дата публикации
16 августа 2023