«Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Хромтау ауданы «22» маусым 2023 жыл КІРІСПЕ БӨЛІМ: 1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады. 2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. 3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» бөлім басшысының 2023 жылғы 15 мамырдағы №29 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді: Сарсенбаев Нурпейс Айтпаганбетович «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, топ жетекшісі Жумабекова Асель Нагашибаевна «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, топ мүшесі Сейітқали Нұргүл Естайқызы «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, топ мүшесі 4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 22.05-22.06.2023 жыл аралығында жүргізілді. 5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2022 жыл және 2023 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы кезең қамтылды. 6. «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Н.Сарсенбаев топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді. СИПАТТАМА БӨЛІМ: I. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 1) «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - бөлім) қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. II. Талданатын объект туралы мәліметтер: «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бекітілген мекеменің Ережелеріне сәйкес бөліммен барлығы 34 функция іске асырылып келеді. Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Республика көшесі, 784. III. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлім мен орталыққа қатысты өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді. Бөлім мен орталықтың қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады: - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; - Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы; -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы; -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы; -Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы; НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады: Анықталған жоқ. ІV. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау. «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы «Хромтау ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Бөлімнің штаттық құрылымы: «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын, лауазымнан босатылатын 1 (бір) бөлім басшысы. Бөлім басшысымен қызметке қабылданатын, қызметтен босатылатын 2 (екі) бас маман, 1 (бір) штаттан тыс қызметкерлер, Бөлім қызметкерлері бөлім басшысына, аудан әкіміне және оның орынбасарларына, аппарат басшысына бағынады. Бөліммен жұмысқа қабылданған қызметкерлер: № Аты-жөні Қабылданған кездегі қызметі Мерзімі 1 Сарсенбаев Нурпейс Айтпаганбетович бөлім басшысы 13.06.2022 ж № 101 өкім 2 Жумабекова Асель Нагашибаевна бас маман 02.02.2022 ж №1 бұйрық 3 Сейітқали Нұргүл Естайқызы бас маман 07.12.20022 ж №35 бұйрық 4 Биржанов Куаныш Кашкинбаевич бөлім басшысының хатшы 01.10.2020 ж №27 бұйрық Бөлімдегі тәртіптік шаралар қолданылған қызметкерлер: 1.Сарсенбаев Н.А. 2.Сейітқали Н.Е Сыбайлас жеморлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар туралы: Болған жоқ V. Мүдделер қақтығысын реттеу. Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. VI. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Бөлімде қызмет көрсету функциясы жоқ VII. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ. VIII. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру. Бөлімде бақылау-тексеру функциялары жоқ. IX. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу. «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-не 2022 жылға жалпы 37635,0 (жергілікті бюджет) мың теңге қаржы бөлінді, игерілгені 37627,2 мың теңге, қалдық сомасы 7,8 теңге. 2023 жылдың 3 айында 6870,9 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. VI. НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады: № 1 тәуекел - 2021 жылдың қаңтар айында ел аумағында орын алған бейбiт жиналыстар мен митингiлердің соңы оқыс жағдайлардың орын алуына алып келді. ҰСЫНЫС: Осыған орай, 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы негізінде «Хромтау ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға рұқсат етілетін орындарды» аудан әкімінің қаулысымен немесе мәслихат шешімімен қарауды немесе бекітуді ұсыным ретінде жолдау. № 2 тәуекел - ҚР «Мемлекеттік сатып алу» заңының 5 тармағына сәйкес барлық мемлекетік әлеуметтік тапсырыс аясындағы конкурстар мемлекеттік сатып алу веб-порталында ашық түрде өтеді. ҰСЫНЫС: Осыған орай, мемлекетік әлеуметтік тапсырыс аясындағы конкурстардың нәтежиесін анықтау үшін комиссия құрылып, қатысқан мердігерлердің атқарған жұмыс өтіліміне байланысты балл беру арқылы айқындауды ұсыным ретінде жолдау. V.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу. Бөлімде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу қызметі жоқ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2022 жылы бөліммен тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтер үшін барлығы 1618,1 мың теңгеге 18 келісім-шарт жасалды, келісім шарт бойынша барлық жұмыстар өз мәнінде жүргізілді. 2022 жылы келісім шарт талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау фактілері орын алған жоқ. Ал, 2023 жылдың 3 айында тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтер үшін барлығы 260,8 мың теңгеге 2 сатып алу жұмыстары жүргізіліп, келісім шартқа сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. XI.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Бөлімде «Е-Өтініш» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері пайдаланылады. XII.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер. Жоқ «Келісілді» Жұмыс тобының жетекшісі және мүшелері: «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Н.Сарсенбаев «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы А.Жумабекова «Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Н.Сейітқали
Дата публикации
23 июня 2023