Хромтау ауданы Никельтау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2023 жылғы 18 маусымда Хромтау ауданының Никельтау ауылының әкімін сайлау 1  сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,  44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының  Хромтау ауданының Никельтау ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттама негізінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Никельтау сайлау округі

Никельтау ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 577 азамат енгізілді, олардың 417-і дауыс берді. Дауыс берушілердің қатысуы - 72,27%. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алдаберген І.Ә. – 332, Алтаев А.А. – 29, Куралбаева Г.С. - 47.

Алдаберген Ізбасты Әлібайұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «Никельтау орта мектебі» КММ-сі директорының орынбасары, Никельтау ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған Никельтау ауылының әкімі болып сайланды.

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 маусымдағы №33 шешімімен 2023 жылғы 18 маусымда  сайланған Хромтау ауданы Никельтау ауылының әкімін тіркеді.

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Дата публикации
19 июня 2023