Хромтау ауданының Никельтау ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы хабарлама

 Хромтау аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

  

Хромтау ауданының Никельтау ауылы әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

Хромтау аудандық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы Хромтау ауданының Никельтау ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Хромтау ауданының Никельтау ауылы әкімінің сайлауы 2023 жылғы 18 маусымға тағайындалсын. 2. Никельтау ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 11 мамырдан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегіз болып белгіленсін. 3. Никельтау ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегіз болып белгіленсін. 4. Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Хромтау» газетінде жариялансын. Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Хромтау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова Хромтау қаласы, 2023 жылғы 10 мамыр, № 90
Дата публикации
10 мая 2023