Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

                                        

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ №88 27 наурыз 2023 жыл Жаңадан сайланған Хромтау аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жаңадан сайланған Хромтау аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызға сағат 11.00-ге шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне енгізілсін: 1) Хромтау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы. Хабарламашы: Н.Хасанов – Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы. 2) Хромтау аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы. 3) Басқа да сұрақтар. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы К. Диярова
Дата публикации
28 марта 2023