2023 жылғы 19 наурызда өткен Хромтау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

2023 жылғы 19 наурызда өткен Хромтау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

Хромтау аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 21 наурыздағы №87 қаулысына қосымша 2023 жылғы 19 наурызда өткен Хромтау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы ХАБАР 1. 2023 жылғы 19 наурызда Хромтау аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті. Сайлаушылардың тізімдеріне 29503 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 23766 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 2 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 215 сайлаушы дауыс берді. Кандидаттардың жалпы саны - 40. Хромтау аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттарының сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді: № 1 сайлау округі бойынша Ескендирова Дина Болатқызы үшін сайлаушылардың 159 дауысы берілді, Кеулимжаева Гүлзам Рзақызы үшін сайлаушылардың 230 дауысы берілді, Утесинов Қазбек Адайбекұлы үшін сайлаушылардың 1145 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 18; № 2 сайлау округі бойынша Әлімжанова Гүлнұр Елжанқызы үшін сайлаушылардың 127 дауысы берілді, Садықов Данияр Мирғалиұлы үшін сайлаушылардың 252 дауысы берілді, Оразымбетов Серік Нитуллаұлы үшін сайлаушылардың 1460 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 62; № 3 сайлау округі бойынша Дүйсенова Гүлнар Айтбайқызы үшін сайлаушылардың 316 дауысы берілді, Ибатов Малик Өтеғалиұлы үшін сайлаушылардың 811 дауысы берілді, Саматбек Асланбек Саматбекұлы үшін сайлаушылардың 281 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 104; № 4 сайлау округі бойынша Жолмуханбетов Даниель Нурланұлы үшін сайлаушылардың 363 дауысы берілді, Құрманов Асылбек Мамайұлы үшін сайлаушылардың 304 дауысы берілді, Серғазин Мақсат Қайратұлы үшін сайлаушылардың 896 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 83; № 5 сайлау округі бойынша Ақниязова Айдана Ерболатқызы үшін сайлаушылардың 320 дауысы берілді, Альмамбетов Саламат Берікұлы үшін сайлаушылардың 509 дауысы берілді, Дүйсенбаев Жасұлан Сағынтайұлы үшін сайлаушылардың 827 дауысы берілді, Қонысбаева Айнагүл Кәкімқызы үшін сайлаушылардың 376 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 105; № 6 сайлау округі бойынша Иса Аслан Серікұлы үшін сайлаушылардың 716 дауысы берілді, Көптлеуов Мейрамбек Зәкірұлы үшін сайлаушылардың 211 дауысы берілді, Сағынбай Фархад Сүлейменұлы үшін сайлаушылардың 964 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 3; № 7 сайлау округі бойынша Жолмуханбетов Ғамзат Асқарұлы үшін сайлаушылардың 298 дауысы берілді, Мукашева Гүлдана Жолайқызы үшін сайлаушылардың 512 дауысы берілді, Олжабаев Асхат Ұларбекұлы үшін сайлаушылардың 962 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 5; № 8 сайлау округі бойынша Егізбаев Асылбек Кеңесұлы үшін сайлаушылардың 1264 дауысы берілді, Кумарова аймира Ерболқызы үшін сайлаушылардың 345 дауысы берілді, Курманов Таланды Жаңабайұлы үшін сайлаушылардың 354 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 7; № 9 сайлау округі бойынша Абиев Болат Асхатұлы үшін сайлаушылардың 246 дауысы берілді, Жаналин Ұлан Мүбаракұлы үшін сайлаушылардың 1285 дауысы берілді, Қайдағұлова Айымгүл Нағашыбайқызы үшін сайлаушылардың 388 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 17; № 10 сайлау округі бойынша Абилхаирова Салтанат Алпамысқызы үшін сайлаушылардың 544 дауысы берілді, Жарықбасова Айгерім Қуанышқызы үшін сайлаушылардың 312 дауысы берілді, Молдашева Бағдашжан Кәдіржанқызы үшін сайлаушылардың 1023 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 16; №11 сайлау округі бойынша Калимжанов Амангелді Әбуғалиұлы үшін сайлаушылардың 499 дауысы берілді, Кошелева Светлана Николаевна үшін сайлаушылардың 747 дауысы берілді, Күлтаева Айнұр Аманжолқызы үшін сайлаушылардың 489 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 8; № 12 сайлау округі бойынша Болатов Элмұрат Болатұлы үшін сайлаушылардың 876 дауысы берілді, Біржанов Марал Қансұлтанұлы үшін сайлаушылардың 496 дауысы берілді, Мақсотов Асылжан Манасбайұлы үшін сайлаушылардың 391 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 21; № 13 сайлау округі бойынша Аманғали Алмас Нұрлыбекұлы үшін сайлаушылардың 308 дауысы берілді, Есетова Алмагүл Есетқызы үшін сайлаушылардың 626 дауысы берілді, Ізбастин Елман Сержанұлы үшін сайлаушылардың 1085 дауысы берілді, «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны - 59; 2. Хромтау аудандық мәслихаттың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттарының сайлауының қорытындысы бойынша: №1 сайлау округі бойынша - Утесинов Қазбек Адайбекұлы, 1981 жылы туылған, «Aкмэз» ЖШС-нің директоры, Ақтөбе қаласы; №2 сайлау округі бойынша - Оразымбетов Серік Нитуллаұлы 1966 жылы туылған, «Данияр» шаруа қожалығы директорының орынбасары, Хромтау ауданы, Дөң ауылы; №3 сайлау округі бойынша - Ибатов Малик Өтеғалиұлы, 1965 жылы туылған, "Восход-ориел" ЖШС-нің жылумен жабдықтау және су тазарту құрылыстары департаментінің басшысы, Хромтау қаласы; №4 сайлау округі бойынша - Серғазин Мақсат Қайратұлы, 1978 жылы туылған, Хромтау аудандық ауруханасының басшысы, Хромтау қаласы; №5 сайлау округі бойынша - Дүйсенбаев Жасұлан Сағынтайұлы, 1976 жылы туылған, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-тің бас инженері, Хромтау қаласы №6 сайлау округі бойынша - Сағынбай Фархад Сүлейменұлы, 1995 жылы туылған, Хромтау Дөн тау-кен байыту комбинатының сепараторшысы, Хромтау қаласы; №7 сайлау округі бойынша - Олжабаев Асхат Ұларбекұлы, 1987 жылы туылған, Хромтау Дөн тау-кен байыту комбинатының бас механигі, Хромтау қаласы; №8 сайлау округі бойынша - Егізбаев Асылбек Кеңесұлы, 1962 жылы туылған, «Егизбаев» ЖК директоры, Хромтау қаласы; №9 сайлау округі бойынша - Жаналин Ұлан Мүбаракұлы, 1986 жылы туылған, "Атамекен" ҰКП Хромтау аудандық филиалының директоры, Хромтау қаласы; №10 сайлау округі бойынша - Молдашева Бағдашжан Кәдіржанқызы, 1969 жылы туылған, "Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі" МКҚК директоры, Хромтау қаласы; №11 сайлау округі бойынша - Кошелева Светлана Николаевна, 1962 жылы туылған, «Кошелева С.Н.» ЖК директоры, Хромтау қаласы; №12 сайлау округі бойынша - Болатов Элмұрат Болатұлы, 1985 жылы туылған, "АMANAT» партиясы" ҚБ Хромтау аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Хромтау қаласы; №13 сайлау округі бойынша - Ізбастин Елман Сержанұлы, 1975 жылы туылған, "Строймастер" ЖШС-нің директоры, Хромтау қаласы, сайланды. Хромтау аудандық сайлау комиссиясы.
Дата публикации
21 марта 2023