Хромтау ауданының Көктөбе ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

Хромтау ауданының Көктөбе ауылдық округінің

әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

хабарлама

 

Хромтау ауданының Көктөбе ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Көктөбе ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді: - Әліп Асылбек Еділұлы, 1997 жылы дүниеге келген, «Көктау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Көктау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған; - Раева Айман Баймырзақызы, 1967 жылы дүниеге келген, «Мектептен тыс білім беру орталығы» МҚКМ-нің директоры, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған; - Зингин Арыстанғали Қасымұлы, 1981 жылы дүниеге келген, Көктөбе ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Майтөбе ауылының тұрғыны, «AMANAT» саяси партиясы ұсынған.
Дата публикации
30 декабря 2022