Хромтау аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы
Хромтау аудандық
мәслихаты
депутатының
өкілеттігін тоқтату туралы
Хромтау аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 111-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының және 4-1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес және «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің қызметін тоқтатуды тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 3002-ө бұйрығының негізінде «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігіне қосылуына байланысты Хромтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша сайланған Хромтау аудандық мәслихатының депутаты Марал Қансұлтанұлы Біржановтың өкілеттігін жоғалту фактісі расталсын. 2. Хромтау аудандық мәслихатының депутаты Марал Қансұлтанұлы Біржановтың куәлігі жарамсыз деп есептелсін. 3. Осы қаулы Хромтау аудандық мәслихатына жіберілсін. 4. Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және жергілікті мерзімді баспасөз басылымында орналастырылсын. 5. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Хромтау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова
Дата публикации
30 декабря 2022