Хромтау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 Хромтау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Хромтау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес және Хромтау аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 75 «Хромтау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Хромтау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 13 округтік сайлау комиссиялары құрылсын. 2. Хромтау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Хромтау аудандық мәслихатына жіберілсін. 3. Осы қаулы Хромтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын. 4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Хромтау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Хасанов Хромтау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қ. Диярова Хромтау қаласы №76 29 желтоқсан 2022 жыл.
Дата публикации
29 декабря 2022