БАҚ үшін Ақпараттық хабарлама

БАҚ-на ақпараттық хабар

 

 

 

 

БАҚ-на ақпараттық хабар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2023 жылғы 07 қаңтардан кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Хромтау ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына берілуге тиіс. Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Хромтау қаласы, Бейбітшілік көшесі,13, каб. 3, код: (871336); тел.: 25144, е-mail: tic_akt_khr@saylau.kz
Дата публикации
23 декабря 2022