Хромтау ауданы, Хромтау қаласы жергілікті қоғамдастық жиналысының №2 хаттамасы

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы жергілікті  қоғамдастық жиналысының №2 хаттамасы

 

Хромтау каласы акиминин аппараты

 акт залы                                                                                  12.09.2022 жыл,

сағ. 15.00

 

Төрағалық етуші: Шабикбаев Сагындык      

Хатшы:                  Куралбаева Гульфара

 

Қатысқандар:              Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелері – 8 адам;         

                                      Аудан тұрғындары – 20 адам (барлығы - 28);

 

Күн тәртібі: 22 - жаңа құрылыс аумағындағы  атаусыз көшеге атау беру жане Хромтау қаласының ескі бөлігіндегі 2 көшеге жаңа атау беру туралы  ұсынысты қарау.

 

   Хабарламашы: Қала әкімінің орынбасары  С.Н.Шабикбаев

         Мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары  Шабикбаев Сагындык Нургалиевич  хабарлама жасап, аталған көшелерге атау беру туралы баяндап, көшелерге сипаттама берді.

 

Шығып сөйлегендер:

 

  1. Хромтау қаласының әкімінің орынбасары Шабикбаев Сағындық Нурғалиұлы:

   - Құрметті кала тұрғындары! Осыдан бір ай бұрын «Хромтау» газетіне Хромтау қаласындағы 22 - жаңа құрылыс аумағындағы атаусыз көшеге атау беру туралы жане Хромтау қаласының ескі бөлігінің идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді ауыстыру туралы хабарлама жарияланды. Енді күн тәртібіндегі мәселені осы жиналған адамдармен талқылауға көшелік.

  1.    Хромтау қалалық жергілікті қоғамдық кеңес төрағасы:

Біржанов Қуаныш

 Сәрке батыр Шоңмұрынұлы (1690-1772 ж.) — қазақ батыр, кіші жүздің Тәуке және Әбілхайыр хан басқарған 1729 жылы Балқаш көлінің маңында Әбілхайыр хан бастаған қазақ әскері болған, Сәрке-батыр жағалбайлы руынан әскердің басында болған. Орта және Кіші жүз қазақтарының Ресей империясына қосылуы туралы грамотада айтылған, онда Әбілхайыр хан, сұлтан Ералы, сондай-ақ орта және Кіші жүздің 56 қазақ руларының ақсақалдары мен батырларының қолдары қойылған. Жағалбайлыдан Сәрке батыр қойылған.

Башқұрт көтерілісі кезінде 1755 жылы патша тәртібіне қарсы башқұрт тайпалары, башқұрт тұтқындаған казактар мен Еділ қалмақтарынан тұратын жасақтар Сарке батыр басшылығымен Жетыру руларының қазақтары тоқтады. Қазіргі кезде бұл орын Орынбор облысы Беляев ауданының аумағында аудан орталығынан 15 шақырым жерде Сарке төбе (Сарке тауы) деп аталады.

Сәркебатыр темір өзенінің жанында, Ембі өзенінің оң жақ ағысымен, оның өлімінен кейін 82 жасында жерленді. Бейіт Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылының жанында орналасқан.

 

  1. Хромтау қаласының тұрғыны Теміржан Успанов:

 

- Көшеге Сәрке батыр атауын беруді өз басым қолдаймын. Хромтау ауданының тұрғындары Ор, Қарғалы өзендерінің аумағында туып өскен, атағы Кіші- Орта жүздерге мәлім болған Сәрке батыр бабамыз туралы көп деректер бар. Яғни Егеменді Қазақстанның болашағын қалаған Жоңғар – Қалмақ басқыншыларынан елді қорғаған тұлға ретінде білеміз.

 

  1. Хромтау қаласының тұрғыны Амандық Искаков:

 

- Сәрке батыр бабамыздың ерлігі туралы көптеген деректер ақпарат құралдарында бар. Соның бірі 1738 жылы Кіші – Орта жүздер билерімен, батырлары (56 тұлға) Орыс Империясының ықпалына енуде болған шартқа 8 -ші болып қол қойған. Бұл шара сыртқы жаулардан қорғануға себеп болған. Осындай көшенің Сәрке батыр бабаның есімімен аталса, бабаның ұрпақтарына, иісі қазақ халқына үлкен құрмет деп білер едік.

  1. Жергілікті қоғамдық кеңес мүшесі Омарова Шолпан Шамшатовна:

      Сипаттамада келтірілген көше атауына көңілім толады. Ұсынылған атаулардың басым бөлігі Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылы 12 желтоқсанда бекітіп берген тарихи тұлғалардың тізімінде бар. Сонымен қатар Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасын қолдау деп есептеймін.

Себебі берілген атаулардың өзіндік алар ерекше орыны бар деп есептеймін және осы жаңа атауды беру орынды деп санаймын.

       

  1. Ақсақалдар алқасының мүшесі Бұзаубаев Болат

      Элеватор көшесіне  Талдыбұлақ атауын беруге қарсы емепін.

Талдыбұлақ – Бөгейтсай селолық округіне қарасты елді мекен. Жаркөл, Жоса көлдері бар колхоз іріленіп, 3 Интернационал атындғы колхозға айналды. Кейін ауыл жанынн талдың арасынан бұлақ көзі ашылып, соған байланысты ауыл адамдары Талдыбұлақ деп атап кеткен. Жағасында өскен талы көп бастау, сол маңдағы бұлақ дегенді білдіреді.

      

   

  1. Қала тұрғыны Шамкеева Дания

Заготзерно көшесіне  Ақтасты атауын беруге қарсы емепін.

Ақтасты – Тасөткел селолық округіне байланысты елді мекен атауы. Сол жердегі төбенің басында ақ тастар болғандықтан, осылай аталған.   

 

 

      Жиналысқа қатысушылардың ұсынылған атаулары туралы пікірлерін тыңдай келе жиналыс келесідей шешім шығарады:

Қолдаушылар :28 адам

Қарсы болғандар: жоқ

Жиналыс шешімі:

  1. Аудандық ономастикалық жұмыс тобының және облыстық ономастика комиссиясының кезекті қарауына Хромтау қаласының ескі бөлігіндегі көшелердің атауын Заготзерно – Ақтасты, Элеватор – Талдыбұлақ деп және Хромтау қаласының 22- жаңа құрылыс аумағында орналасқан атаусыз көшеге – Сәрке батыр көшесі деп атау ұсынылсын.

 

Төрағалық етуші:                                  Шабикбаев Сағындык Нұрғалиұлы

 

Хатшы:                                                  Құралбаева Гүлфара Сертайқызы

 

Дата публикации
13 сентября 2022