Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылғы 25 қыркүйекте Хромтау ауданының Тассай және Көктау ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2 сайлау округтері бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының Хромтау ауданының Тассай және Көктау ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалар негізінде Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Көктау сайлау округі
Көктау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1285 азамат енгізілді, олардың 1219-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әліп А.Е. – 231; Нұғманова З.Б. – 295; Осмаханов Б.С. – 688.
Осмаханов Бақытбек Серікұлы, 1984 жылы дүниеге келген, Көктау ауылдық округінің әкімі, Көктау ауылдық округінің Көктау ауылының тұрғыны «AMANAT» партиясы ұсынған Көктау ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №24 шешімімен 2022 жылғы 25 қыркүйекте сайланған Хромтау ауданы Көктау ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Тассай сайлау округі
Тассай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 393 азамат енгізілді, олардың 272-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -14.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбдіров Е.А. – 195; Әділжанов Н.Ө. – 18; Скендір Р.С.- 41.
Әбдіров Ербол Амангелдіұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Тассай ауылдық округінің әкімі, Тассай ауылдық округінің Тассай ауылының тұрғыны «AMANAT» партиясы ұсынған Тассай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №25 шешімімен 2022 жылғы 25 қыркүйекте сайланған Хромтау ауданы Тассай ауылдық округінің әкімін тіркеді.